Ата Заң эволюциясы
Қазақ даласында рулық, тайпалық, хандық-мемлекеттік түсінік қалыптаса бастағаннан бері жалпыға ортақ белгілі бір тәртіпке деген сұраныстың туындағаны сөзсіз. Десе де бұл туралы құжатты деректер жоқтың қасы. Не болмаса бұл түсініктер тіпті де қағаз бетіне түспеген, не болмаса жаугершілік заманындағы соғыс салдарынан ізім-қайым жоғалған.
Осы күнге дейін бар екендігі нақты дәлелденіп, қандай да бір тарихи дәлелі бар болып саналатын ең көне заң – Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы». Қазіргі таңда бұл заңның түпнұсқасы сақталмағаны туралы бірден айтуымыз керек. Бірақ бұл заңның таңбаға түсіп, нақтылы күшке ие болғаны туралы тарихи деректер жетіп артылады. Мысал ретінде Шыңғыс ханның: «Мемлекеттің меншігін жөнге салып, дау-дамайларды реттеп, ол туралы көк дәптерге жазып отыруы шарт, Шихихутугтің менім